Зеленский: Бізге тыныштық керек, парад емес

Зеленский: Ресей соғысты тоқтатудың орнына бейбіт инфрақұрылымды атқылауын жалғастыруда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Украина президенті Владимир Зеленский Telegram арнасында Черкассы облысындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «Шахед» дрондарының соққысынан кейін газбен жабдықтау жүйесі зақымданып, оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Соққы қарапайым азаматтық инфрақұрылымға бағытталған.
Зеленский Украина бейбітшілікті орнатуға бағытталған кез келген бастаманы қолдауға дайын екенін және серіктестермен бірге әрекет етуге әзір екенін атап өтті. Алайда Ресей бейбіт бастамаларды үнемі жоққа шығарып, Батысты алдауға тырысуда.
«Қазір Мәскеу тағы да манипуляция жасап жатыр: неге екені белгісіз, бәрі 8 мамырды күтуі керек, тек сол кезде ғана атысты тоқтатып, Путинге парад уақытында тыныштық қамтамасыз ету керек екен. Ал біз адамдардың өмірін бағалаймыз, парадты емес», – деді Украина президенті.
Зеленскийдің пікірінше, атысты тек бірнеше күнге емес, толық және сөзсіз тоқтату қажет.
«Кемінде 30 күнге атысты толық және сөзсіз тоқтату – бұл нақты дипломатияға негіз бола алатын жалғыз жол», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар




