Зеленский Түркияны стратегиялық серіктес деп атады

Зеленский Түркияны стратегиялық серіктес деп атады
14.03.2025 12:25
0
354
t.me/V_Zelenskiy_official
Украина Түркиямен әскери дрон өндірісін дамытпақ

Украина президенті Владимир Зеленский Түркия және Нидерланд өкілдерімен кездесіп, бейбіт келіссөздер, қорғаныс саласындағы ынтымақтастық пен инвестиция тарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Зеленский Telegram-арнасында Түркия және Нидерландпен өткен кездесулердің қорытындысын жариялады. Ол түрік үкіметі мен бизнес өкілдерімен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін айтты. Әсіресе, түрік компанияларының Украинада әртүрлі типтегі дрондар өндірісіне қатысу мүмкіндігі талқыланған.

Сондай-ақ, Зеленский Түркияны Украинаның негізгі стратегиялық серіктесі деп атап өтті.

Нидерланд Парламентінің өкілі Элизабет Зегериуспен кездесуде F-16 ұшақтары, дрондар, қару-жарақ жеткізу және қорғаныс өнеркәсібін дамытуға инвестиция тарту мәселесі қозғалды. Зеленский Нидерланд үкіметі мен халқының Украинаны үнемі қолдап келе жатқанына алғыс айтты.

Зеленский Рамазан айында дипломатиялық белсенділіктің артқанын ерекше атап өтті. Әсіресе, Сауд Арабиясында өткен Украина мен АҚШ арасындағы келіссөздердің маңыздылығына тоқталып, бұл кездесудің бейбітшілікке жол ашатынына үміт білдірді.

«Украина халқы халықаралық дипломатияның нәтижелі болатынына сенеді. Аспанда, теңізде және майданда тыныштық орнатылса, бейбітшілікке жету мүмкіндіктері артады», – деді ол.

Президент Зеленский халықаралық серіктестермен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий