Жаһандық соғыс күшейіп келе жатыр - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең жағымсыз даму сценарийінің қаупі күшейіп келе жатқанын айтты.
«Егер он жыл бұрын саясаткерлер әлем жол айрығында тұрғанын айтып алаңдаса, қазір бәрі бір ауыздан барлық мемлекеттердің мүддесіне әсер етуі мүмкін жаһандық соғыс қаупі туралы ескертіп отыр», — деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бүгінде геосаяси, әскери, экономикалық, технологиялық және климаттық тәуекелдер көбейіп, әлемдегі ең жағымсыз сценарийдің орын алу қаупін арттырып отыр.
«Осындай күрделі жағдайда біз, Қазақстан азаматтары, сабыр сақтап, ел ішінде де, сырттан да болатын арандатуларға ермеуіміз керек», — деді Тоқаев.
Ол Қазақстан халықаралық аренада ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған ұстамды әрі теңгерімді сыртқы саясат жүргізуді жалғастыратынын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады