«Жалайыр мен шапырашты үшін емес»: «Руың кім?» комедиясын көрсетуге тыйым салды

17.12.2025 09:49 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Жалайыр мен шапырашты үшін емес»: «Руың кім?» комедиясын көрсетуге тыйым салды
0
148
әлеуметтік желі

10 желтоқсанда прокатқа шыққан «Руың кім?» комедиясы кинотеатрлардан алынып тасталды. Tiger Films продюсерлік орталығының ресми хабарлауынша, фильм 18 желтоқсаннан кейін көрсетілімнен толықтай шығарылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

«Руың кім» фильмі 18 желтоқсаннан бастап белгілі бір себептерге байланысты еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуін тоқтатады. Бізбен бірге болып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін мың алғыс», – деп жазылған ресми парақшада.

Актер Қайрат Әділгерейдің сөзінше, фильм рулық араздықты қоздыруы мүмкін деген қауіп бар.

«Біреулердің ойынша, кино рулық араздық тудырып жатыр екен. Негізі шын мәнінде, руға бөлінбейік, тату болайық деп бірлікке шақыратын кино. Тизерлерге қарап кейбіреулер дұрыс түсінбей жатыр. Сондықтан барып, бастан-аяқ қараған дұрыс. Киноны толық көрмейінше, қандай месседж бар екенін білмейді», – деді ол.

Әлеуметтік желіде көрерменнің пікірі екіге жарылды. Көпшілік комедияның терең мағынаны жеткізгісі келгенін жазса, кейбірі нақты бір руға қатысты болуы мүмкін екенін айтқан.

«Кімнің руына тіл тиіп кетті екен?», «Жалайыр мен шапырашты үшін емес шығар», - деп жазды желі қолданушылары.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий