Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды

07.10.2026 • 23:07 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
313
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Аваза қаласына арнайы сапармен келді. Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Сапар 8-9 қазан күндері Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен өтеді.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысады. Сонымен қатар ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуы жоспарланған.

Кездесулер барысында өңірлік ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және Каспий теңізінің экологиялық мәселелері талқыланады деп күтіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий