Жамбыл облысында көкпардағы жанжал сотпен аяқталды
842
Жамбыл облысында көкпар кезінде шыққан жанжал сотқа жетті
Жамбыл облысының Жуалы ауданында көкпар кезінде шыққан жанжал сотпен аяқталды. Екі азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлімі («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс қозғалып, әрқайсысына 78 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға 2025 жылдың қаңтарында Ертай ауылында өткен көкпар ойындары кезінде болған. Сотта анықталғандай, ер адамдардың бірі қарсылас ойыншының атының басына бетімен соғылып, сол сәтте жанжал туындаған. Олар бір-бірін көпшілік алдында бейәдеп сөздермен балағаттап, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Сот шешімі
- Екі азамат өз кінәларын мойындап, іс-әрекеттеріне өкініш білдірді.
- Жуалы аудандық соты оларды кінәлі деп тауып, әрқайсысына әкімшілік айыппұл тағайындады.
- Сот шешімі заңды күшіне енді.
17 қаңтарда Атырауда 38 жастағы жүргізуші автобусқа соғылып, жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Ақпарат CMN.KZ сайтынан алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
18:29
Елде баға мен халықтың табысы қалай өзгерді?
13.10.2026
18:13
Мәслихат сайлауы қалай өтеді: маңызды күндер бе...
13.10.2026
17:50
Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
13.10.2026
17:28
Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі...
13.10.2026
17:18
Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2 пайызға өсті
13.10.2026
17:13
«Қап-қап ақша»: Түркістандық әжейдің үйінде күт...