Жамбыл облысында мас күйде әріптестерінің қолына түскен полиция бастығы жұмыстан қуылды

03.06.2026 12:52 Әсел МҰРАТ
Жамбыл облысында мас күйде әріптестерінің қолына түскен полиция бастығы жұмыстан қуылды
239
Фото: Абзал Бахытжанов / Politico.kz

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімшілік полиция бастығын әріптестері мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде шенеуніктің ұсталған сәтінен видео тарады. 

Видеоны жариялаған автор аталған оқиғадан кейін шұғыл түрде аурухана парағын рәсімдегенін айтады.

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімшілік полиция бастығы Әкімжан Қанатбеков мас күйінде көлік айдаған кезінде тоқтатылған. «Рөлде кім болды?» деген сұраққа «Қарындасым» деп жауап берді.

Облыстық полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты жауап бере отырып, редакциямызға бұл ақпаратты растады 

«Құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін аталған адам теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылады. Полиция департаменті лауазымына, атағына және қызметтік жағдайына қарамастан кінәлі адамдардың жауапкершілігінің бұлтартпастығын қамтамасыз ете отырып, заң мен қызметтік тәртіпті кез келген бұзушылықтарына қатысты принципиальды ұстанымды ұстанады», — деді полициядағылар.

Войдите, чтобы оставить комментарий