Жамбыл облысында қайғылы жағдай болды: арнайы жасақ инспекторы көз жұмды
Қордай аудандық полиция бөлімінде жедел әрекет ету арнайы жасағының казарма дәлізінде 31 жастағы жасақ инспекторы өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Politico.kz.
HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, болжам бойынша лейтенант қызметтік қару – SIG Sauer тапаншасынан самай тұсына оқ атқан.
Оқиға орнына келген дәрігерлер оны ауыр хәлде шұғыл түрде аудандық орталық ауруханаға жеткізді.
Өкінішке қарай, кешке қарай ол есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Әзірге полицейдің мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз болып отыр.
Полиция «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде. Қызметтік тергеу тағайындалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...