Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
1149
Жамбыл облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Жамбыл облысындағы “Аса–Ақкөл” автожолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Van Hool маркалы автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Полицияның хабарлауынша, өзге зардап шеккендер жоқ.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Құқық қорғау органдары ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді алыс сапарларды кейінге қалдыруға, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолда қауіпсіз арақашықтықты ұстануға шақырды.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...