Жамбыл облысында жер сілкінді

Жамбыл облысында жер сілкінді
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Politico.kz. 

«2026 жылы 10 шілдеде сағат 00:59-да Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы – 4,5. Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте орналасқан», – делінген Қазақстан ұлттық деректер орталығының хабарламасында.

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 42,50 және шығыс бойлығының 70,88 координаталарында орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу