Жамбылда «Фитосанитария» басшысы парамен ұсталды
Жамбыл облысындағы «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz басылымының мәліметінше, мекеме жетекшісінің міндетін атқарушы Айгүл Байқоңырова 400 мың теңге пара алды деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты істің басқа мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, «Фитосанитария» Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне бағынышты республикалық мемлекеттік кәсіпорын саналады. Мекеме өңірлердегі фитосанитариялық қауіпсіздікке жауап береді. Оның негізгі міндетіне өсімдік аурулары мен зиянкестерге қарсы күрес, диагностика және мониторинг жүргізу кіреді.
Ашық дереккөздерде күдікті Айгүл Байқоңырова туралы ақпарат жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...