Жамбылдық полицейлер есірткіні өздерімен бірге тұтынған тұрғынды қамауға алған
873
Жамбыл облысының полицейлері айыптыны бірнеше рет синтетикалық есірткіні бірге қолдануға мәжбүрлеген. Ер адамның сеніміне кіріп, тәртіп сақшысы оған синтетика сатып алу үшін ақша берген. Бұдан кейін әріптесі екеуі тергеу жұмыстарын жүргізген.
Прокуратураның мәліметінше, заң нормаларының анық бұзылуына байланысты бас прокурор Жоғарғы сотқа наразылық енгізген. Қарау қорытындысы бойынша сот полицейлердің әрекетін арандатушылық деп танып, сотталғанды ақтап, сот актілерінің күшін жойды.
Сотталғанның қорғаушысы оның синтетикалық есірткі сатқанымен келіспей, арызданған. Ол өтінішхатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері тарапынан арандатушылық әрекеті болғаны туралы уәждер көрсеткен. Істі зерделей келе, полиция қызметкерінің бастапқыда сотталғанды синтетикалық есірткіні бірге қолдануға көндіргені, оның сеніміне кіріп, синтетикалық заттарды сатып алуға ақша бергені анықталды. Кейін ол әріптесімен бірге жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізіп, сотталған азаматты «психотроп затты сату барысында» ұстаған, – делінген бас прокуратураның хабарламасында.Дерекке сенсек, қолжазба сараптамасына сәйкес жедел-іздестіру туралы бұйрықта тергеушінің қойған қолының жалған екені белгілі болған. Фото: ok.ru
Соңғы жаңалықтар
20.08.2026
23:30
ШҚО-да полицей канализация құдығында ес-түссіз ...
20.08.2026
22:47
Танымал журналист қалай 80 келіге арықтағанын а...
20.08.2026
22:00
Мұхит Сапарбаев: Менің өміріме онкология келді
20.08.2026
21:44
Дина Төлепберген: Менің өмірлік миссиям — 100 д...
20.08.2026
21:19
Жетім қызды зорлау оқиғасы: Дина Төлепберген кү...
20.08.2026
20:00
Курьер зорламақ болған қыз: «Саған енді ешкім ү...