Жан Ахмадиев «Ninety one» тобынан кешірім сұрады

02.12.2025 16:22 Әсел Мұрат
Жан Ахмадиев «Ninety one» тобынан кешірім сұрады
0
163
Фото: видеодан скрин

Танымал блогер Жан Ахмадиев Qazaq Airan-ға берген сұхбатында «Ninety one» тобының мүшелерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Айтуынша, «91» тобына қатысты ойы өзгерген. Оның сөзінше, ол топ мүшелерінің сырт келбетін ғана көріп, шығармашылығына мән бермеген.

«Қазір ойым өзгерді. Егер «91» тобының жігіттері мені көріп отырса, олардан кешірім сұраймын. Ол кезде ер адамның шашын бояу секілді істеп жүрген дүниелері бізге ерсі көрінді. Менің бір қателігім, бассыздығым деп айтайын, мен олардың сырт келбетін сынап, өнерлеріне, әндерінің мағынасына мән бермеппін. Қарапайым тілмен айтқанда, мен олармен үстіртін танысып, «Болмайды, бұларды құрту керек, бұлар біздің елге, қазақ ұлтына жат» деп айтыппын. Оларды сұхбатқа шақырып, «Абай жолын» оқыдың ба» деп сұрақ қойып, оларды жаңылыстыруға тырысыппын. Кез келген адам «Абай жолын» оқыдың ба?» деп сұраса, қателеседі деп ойлаймын. Оларға арнап клип шығардым. Уақыт өте келе әндерінің мағынасына мән бере бастадым, оған қоса, салыстырмалы түрде қарасақ, кезінде «Ninety one» тобыны қарап, шок болып едік, қазір Амилай, Нико Нет секілділер де жүр ғой. Қазір ойым өзгерді. Олар Қазақстанға бұрын-соңды болмаған жаңа леп, стиль алып келді. Сондықтан өткен өмірде қаралағаным үшін өкінемін және кешірім сұраймын», – деді ол.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий