Тоқаев Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

10.10.2026 • 11:24 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
267
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Саят Исанов осы құрылым командирінің орынбасары қызметін атқарған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ол 2025 жылдың жазында әскери парашютшілер арасындағы жарыстарға қатысты жарияланымда Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары ретінде көрсетілген. Сол кезде оның әскери шені подполковник болған.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің үш басшысын қызметінен босатқан болатын. 

Ал 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі қызметінен босатып, оның орнына Айдос Мырзахметовті тағайындады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий