Нұрасыл Медеу: KNUS базасында дайындалған спортшылар Азия ойындарында 14-ке жуық медаль жеңіп алды
Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы әрі Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрасыл Медеу сұхбатында оқу орнының Қазақстан ұлттық құрамаларын даярлауға қосып отырған үлесі туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, университет спортшылары Азия ойындарында 14-ке жуық медаль жеңіп алған.
Қазіргі уақытта KNUS базасында күрес, семсерлесу, таеквондо, гольф, академиялық есу, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар жаттығады.
Университет спортшыларға жаттығу өткізуге қажетті жағдайларды тегін ұсынады. Нұрасыл Медеудің айтуынша, бұл – ел намысын қорғайтын атлеттер алдындағы жауапкершіліктің бір бөлігі.
«Бұл – ұлттық құрама, еліміз және күн сайын тынымсыз еңбек етіп жүрген спортшылар алдындағы міндетіміз. Менің ойымша, олар біз осында жасап отырған жағдайларға әбден лайық», – деді ол.
KNUS Қазақстанда жоғары жетістіктер спортын дамытуға және ұлттық құрамалардың даярлығын жетілдіруге бағытталған жұмысын жалғастырып келеді.
Соңғы жаңалықтар