“Жаңа деңгей”: Аймағамбетов қуанышты жаңалық айтты

“Жаңа деңгей”: Аймағамбетов қуанышты жаңалық айтты
18.08.2025 16:55
0
147
Фото: Әлеуметтік желі

ҚР Президентінің Жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебесі берілді. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желіде парақшасында сүйіншіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

“Біздің Альма-матер - Ұлттық университет!

Президент Жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебе берілді. 

Бұл- әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі ғана университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді. Ол әлеует әлі күнге дейін бар және жаңа деңгейге көтерілуге дайын.

Жаңа мәртебе - бұл университеттің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Айтпақшы, бұл бюджеттен бөлінетін қаржының артуына тікелей әсер етеді, демек, профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысының өсуі және университетіміздің материалдық-техникалық базасының дамуы деген сөз.

Құрметті профессор-оқытушы құрам, қызметкерлер және студенттер! Сіздерді осы маңызды әрі қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!”,- деп сүйіншіледі Асхат Аймағамбетов. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий