Жаңа туған сәбиін терезеден лақтырған оқушы қыз ұсталды

Жаңа туған сәбиін терезеден лақтырған оқушы қыз ұсталды
07.06.2025 09:03
0
465
ашық дереккөз

Ленинград облысында жаңа туған нәрестесін пакетке салып, терезеден лақтырған 15 жастағы мектеп оқушысы ұсталды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 15 жастағы қызға қатысты ҚР ҚК-нің 30-бабы 3-бөлігі, 105-бабы 2-бөлігінің «в» тармағына сәйкес («Кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу») айып тағылған.

Тергеу мәліметінше, қыз нәрестені үй жағдайында босанған. Кейін жаңа туған қызын пакетке салып, бірінші қабаттағы терезеден лақтырған. Оның мақсаты — баладан құтылып, оны өлтіру болған. Алайда сәби аман қалды. Оны дер кезінде тапқан адамдар медицина қызметкерлерін шақырып, балаға жедел көмек көрсетілген.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары анасының мұндай қадамға баруына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Сәбиді алғаш болып аула сыпырушылар тауып алған

6 маусым күні, сағат 21:09 шамасында, Ленинград облысының Всеволожск ауданында коммуналдық қызметтің екі жұмысшысы аула тазалап жүрген кезде, пакеттің ішінен үн естіген. Алғашында олар бұл дыбысты мысықтардың мияулауы деп ойлаған. Бірақ пакет ішінен нәрестенің қолын байқап, бірден көмек шақырған.

Жергілікті электромеханик жедел жәрдем қызметін шақырды. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап, дереу ауруханаға жеткізген.

Баланың туу туралы куәлігі рәсімделеді

Всеволожск ауданы әкімдігінің мәліметінше, қамқоршылық және қорғаншылық органдары сәбиге қатысты ресми актіні қабылдап алған. Осы құжаттың негізінде баланың туу туралы куәлігі рәсімделетін болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий