Жаңа жылды тойламау керек – Нұрлан имам жауап берді
1529
Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, болмай ма деген сауал туындап, бұл мәселе төңірегінде пікірталастар жиілеп кетті, деп хабарлайды POLITICOKZ Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты имам Нұрлан Асанов аталған мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.
Имам Нұрлан Асановтың айтуынша, ислам дінінде Жаңа жыл, Наурыз, тіпті Конституция күні немесе Республика күні секілді мемлекеттік мерекелер арнайы бекітілмеген. Алайда «дінде жоқ» деген уәжбен мұндай күндерді мүлде жоққа шығарып, оларды қоғамнан шеттету дұрыс емес.
Оның сөзінше, мұндай көзқарас қоғамды бөлшектеп, елдік санадан алыстатуы мүмкін.
«Біз зайырлы мемлекетте тұрамыз.Әр зайырлы мемлекеттің өзінің мерекесі бар.Сондықтан әр нәрсе өз жөнімен болу керек»
Сондай-ақ имам адамдарды бір-біріне «кәпір», «дінсіз» деп айыптаудың қажеті жоқ екенін айтып, әр нәрсе өз жолымен болғаны дұрыс екенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...