Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзін айтуға келмей қалды: сот екі сағат уақыт берді
Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін айыпталушылар соңғы сөзін айтуы тиіс болған. Алайда Эльмира Төлегенова сот отырысына келмеген.
Айыпталушының адвокаты Гаухар Айтжанованың айтуынша, оның қорғауындағы азамат денсаулығына байланысты қатыса алмаған. Дегенмен судья Әділбек Баймаханов бұл жағдайды растайтын құжаттар ұсынылмағанын атап өтті.
«Сот айыпталушыға екі сағат ішінде денсаулығына қатысты құжаттарды ұсынуға немесе онлайн режимде қатысуға мүмкіндік береді. Егер бұл талап орындалмаса, келмеу себебі негізсіз деп танылып, сот процесіне кедергі келтіреді деп бағаланады», – деді судья.
Осыған байланысты сот отырысында екі сағаттық үзіліс жарияланды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...
25.10.2026
09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республик...
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...