«Жанар Айжанованың жас шағы ма?» Айжұлдыз Адайбекованың жаңа видеосы жұртты таңғалдырды
Айжұлдыз Адайбекова желі қолданушыларын тағы бір мәрте таңғалдырды. Танымал блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше стильде түсірілген жаңа видеосын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz
Бейнежазбада Айжұлдыз қазақы нақышта киініп, кішкентай қызбен бірге өнер көрсетеді. Ұлттық образ бен нәзік қимылдар үйлесім тапқан видео көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, қысқа уақыт ішінде қызу талқыға түсті.
Желі қолданушылары Айжұлдыздың бұл қырын жоғары бағалап, түрлі пікір қалдырды. Кейбірі оны танымал өнер иесі Жанар Айжановаға ұқсатса, енді бірі бойындағы талантын ерекше атап өтті.
«Жанар апамыздан аумай қалыпты», «Өнер деген жатыр ғой бұл қызда», «Күшті екен», «Қандай мықты дуэт», «Екі ұшқын жолыққанда лаулап жанатын отқа айналады», «Қыздың анасы болу бұйырсын сізге» деп жазды оқырмандар.
Айжұлдыз Адайбекова соңғы уақытта ұлттық стиль мен шығармашылыққа бет бұрып, тың форматтағы контентімен көзге түсіп жүр. Бұл жолғы видеосы да оның өнерге жақындығын және жаңа қырын айқын көрсетті.
Соңғы жаңалықтар