Жангелдиндегі 4 адамның өлімі – прокурор Сәрсемалиевке 13 айып тақты
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жангелдин ауылындағы 4 адамнан тұратын отбасын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша прокурор барлық айыпты жариялады, деп хабарлайды Ақ Жайық.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Сәрсемалиевке барлығы 13 эпизод бойынша мынадай айыпар тағылып отыр:
- ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша — Наурыз Мұқанғалиевті өлтіру;
- ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің жеке заттарын ұрлау;
- ҚР ҚК-нің 384-бабы, 2-бөлігі бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің жеке куәлігін жымқыру;
- ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің атына несиелер ресімдеу;
- ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің зейнетақы аударымдарын иемдену;
- ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша — Наурыз Мұқанғалиевтің атынан алдау жолымен 350 мың теңге алу;
- ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 1 және 13-тармақтары бойынша — Нәсіп Өтешқалиева мен Мақсот Қарабалинді өлтіру;
- ҚР ҚК-нің 188-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша — Нәсіп Өтешқалиева мен Мақсот Қарабалиннің жеке заттарын ұрлау;
- ҚР ҚК-нің 384-бабы, 2-бөлігі бойынша — Мақсот Қарабалиннің, Нәсіп Өтешқалиеваның және Мейрамгүл Қарабалинаның жеке куәліктерін жымқыру;
- ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 5 және 13-тармақтары бойынша — Мейрамгүл Қарабалинаны аса қатыгездікпен өлтіру;
- ҚР ҚК-нің 188-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша — Мейрамгүл Қарабалинаның жеке заттарын ұрлау;
- ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша — алаяқтық жолмен мал сату;
- ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша — Мейрамгүл Қарабалинаның, Мақсот Қарабалиннің және Нәсіп Өтешқалиеваның зейнетақы аударымдарын иемдену.
Еске сала кетейік, Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны бұрынғы әйелінің 4 туысын өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Құрбандар – оның қайын атасы Мақсот Қарабалин, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиева, балдызы Мейрамгүл және мамыр айында бірінші болып көз жұмған қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиев. Қылмысқа отбасындағы ұзаққа созылған келіспеушілік пен өкпе-реніш себеп болған. Тергеу барысында күдікті құрбандарына асүй пышағымен 60-қа жуық соққы жасағаны анықталды. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында ол мәйіттерді аулаға көміп, үстін линолеуммен жауып, жиһазбен бастырып қойған және ұзақ уақыт бойы олардың үйде тірі жүргендей көрінісін жасаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...