Жангелдиндегі қанды оқиға: күдіктіге тағы бір бап бойынша айып тағылды
Атырау облысы Жангелдин ауылында болған резонансты қылмысқа байланысты күдіктіге қосымша айып тағылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты тергеу екі бірдей бап бойынша жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 188-бабы 2-бөлігі («Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық») бойынша айып тағылған.
«Атырау облысы Полиция департаменті бірнеше адамды өлтіру және олардың мүлкін иемдену деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ал күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты құқықтық баға беру мәселесі әзірге нақты айтылған жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...