Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасы да допингтің барын растады

20.01.2026 18:43 Берік Арманов Берік Арманов
Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасы да допингтің барын растады
0
145
Фото: sports.kz

Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы істің қаралу кезеңінде барлық жекпе-жектерден уақытша шеттетілді. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының (ҚКБФ) президенті Рахимжан Ерденбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz

Бұған дейін Ерденбеков Instagram парақшасында бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының ісі қаралып жатқанын мәлімдеген, алайда егжей-тегжейін ашпаған еді.

20 қаңтарда ҚР Кәсіби бокс федерациясының (ҚКБФ) президенті алғаш рет Жәнібек Әлімханұлының «В» допинг-сынама талдауының нәтижелерін жариялап, іс бойынша тыңдаулардың мән-жайын егжей-тегжейлі айтып берді.

— Жақында Америкадағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын қорытынды сараптама келді, иә, «В» сынамасы расталды (Әлімханұлының ағзасында допингтің бар екені — авт. еск.). Қазіргі таңда Жәнібекке қатысты юрисдикцияны біздің федерация өз мойнына алды, себебі ол — федерациямыздың лицензияланған боксшысы, ал оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада, біздің санкциямен болған. Қазір басты мәселе — ол мұны саналы түрде қабылдады ма, әлде бұл зат оның ағзасына қалай түскені. Әзірге сұрақ осында тұр, — деді ҚКБФ президенті Рахимжан Ерденбеков.

ҚКБФ басшысы 19 қаңтарда өткен тыңдаулардың да егжей-тегжейін айтты.

Белгілі болғандай, Әлімханұлының ісі тәуелсіз сарапшылардың, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің қатысуымен қаралып жатыр. Тыңдаулар халықаралық спорттық құқық стандарттарына сай, спортшының кінәсіздік презумпциясы сақтала отырып өтуде.

— Жәнібекке көптеген сұрақ қойылды. Сәуір айынан бері біз оның осы заттар анықталғанға дейінгі бүкіл өмір жолын тыңдадық. Кеше мен қазір жариялай алмайтын жаңа деректер белгілі болды. 23 қаңтарда тыңдауларды жалғастырамыз, — деді Ерденбеков.

Оның айтуынша, істі қарау қорытындысы бойынша барлық материалдар тиісті ұйымдарға, соның ішінде WBO, IBF және басқа да ұйымдарға жолданады. Титулдарынан айыру немесе айырмау жөніндегі шешімді сол ұйымдар қабылдайды. Ал әзірге, Ерденбековтің сөзінше, тыңдаулар уақытына Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерден шеттетілген.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айының басында WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш титул үшін өтетін жекпе-жекке аз уақыт қалғанда қазақстандық чемпионның зәр сынамасынан антидопинг кодексімен тыйым салынған мельдоний заты табылғаны белгілі болды.

Нәтижені растау немесе жоққа шығару үшін 8 қаңтарға дәл сол уақытта әрі сол сәтте алынған «А» сынамасымен қатар алынған «В» допинг-сынамадағы зәрді ашу және талдау рәсімі тағайындалды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий