«Жақ сүйегі мен мұрны сынған»: Абай облысында шекарашы соққыға жығылған

24.04.2026 10:08 Әсел Мұрат
 «Жақ сүйегі мен мұрны сынған»: Абай облысында шекарашы соққыға жығылған
105
Фото: ашық дереккөз

Кассациялық сот Абай облысында шекара қызметкеріне жасаған шабуылға қатысты қылмыстық істі қайта қарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 2023 жылы 1 қыркүйекте болған. Үржар ауданы бойынша шекара басқармасының «Д» есімді қызметкері қызметтік міндетін атқару барысында жүк көлігінің «К» есімді жүргізушісі тарапынан жасалған әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, оған ескерту жасаған.

«Алайда сол түні К. мен А. алкогольдік мас күйде Д.-ның үйіне әдейі келіп, оны сыртқа шығарып, өмірлік маңызды ағзаларына соққы жасаған, жәбірленуші қашып құтылмақ болған кезде оны қуып жетіп, күш қолдануын тоқтатпаған», - делінген кассациялық сот хабарламасында.

Салдарынан жәбірленушінің жақ сүйегі мен мұрын сүйегі сынған.

Кассациялық сот Қылмыстық кодекстің 380-бабы 6-бөлігі 4) тармағы бойынша К. мен А.-ны амнистия актісі қолданылып, 8 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға соттауды негізді деп таныды. 

Шабуыл кездейсоқ болмаған: сотталғандар алкогольдік мас күйде жәбірленушінің үйіне қасақана келіп, кек алу ниетімен әрекет еткен, бұл олардың қылмыстық пиғылы болғанын растайды.

Жәбірленуші бірнеше рет стационарлық ем қабылдап, хирургиялық операциялар жасалған.

Сотталғандардың аса ауыр қылмыс жасағаны туралы құқықтық баға дұрыс деп танылып, тағайындалған жаза әділ әрі жасаған әрекеттеріне сай деп танылды. Осылайша үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий