Жарыс кезінде мойынын сындырып алған 15 жастағы палуан көз жұмды

Жарыс кезінде мойынын сындырып алған 15 жастағы палуан көз жұмды
17.09.2025 15:06
0
299
Сурет: Ашық Дереккөз

Ақмола облысында өткен қазақ күресінен жарыс кезінде ауыр жарақат алған 15 жастағы палуан қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Спортшының туған жері Ақтөбеге жеткізіліп, қазір жақындары жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. 18 қыркүйекте марқұмды жерлемек.

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Ерейментау қаласында өткен халықаралық турнирде болған. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы белдесуде 50 келіге дейінгі салмақта күрескен ақтөбелік спортшы сәтсіз әдіс жасау кезінде мойын омыртқасын сындырып алған.

Ол дереу Астанадағы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күрескенімен, жас палуанды аман алып қалу мүмкін болмады. Жасөспірім 15 қыркүйекте қайтыс болды.

Ақмола облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий