Жас балаға тиісті деп басы дауға қалған Алмас Кішкенбаев жан сырын ақтарды
Танымал әнші Алмас Кішкенбаев қазір түсініксіз күйде жүргенін айтып, жан сырын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
«Ешкіммен араласқым келмейді, сөйлескім келмейді. Адам баласынан көңілім қалғаныма әлде қартайғандықпа?», - деп жазды ол Threads әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, жыл басында танымал әнші Алмас Кішкенбаев курьер болып жүрген жас жігіттің жыныс мүшесін ұстап, тиіскені үшін қамауға алынды.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
«ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.
434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар