Жасанды интеллект 10 жылдан кейін инфаркт болатын адамды біледі
303
Күн сайын ЖИ бізді таңғалдырумен келеді. Енді 10 жылдан кейін инфаркт болуы мүмкін адамды да жаңа жасанды интеллект көмегімен анықтауға болады,-деп хабарлайды politico.kz
Оксфорд университетінің ғалымдар тобы 10 жылдан кейін инфаркт болуы мүмкін адамды анықтауға мүмкіндік беретін жаңа жасанды интеллект инфаркт сканерін әзірледі. Жаңа жүйе жақын арада Ұлыбританияда қолданыла бастайды деп күтілуде. Жаңалық авторларының айтуынша, бұл технология жылына мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Британдық Ұлттық денсаулық сақтау және күтім көрсету институты (NICE) және Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) жыл соңына дейін технологияны бағалау туралы шешім қабылдамақшы.
Жыл сайын 300 000-нан астам адам кеуде қуысында қатты ауырсыну болғанымен шағымданады. Оларға жүрек ақаулары бар-жоғын анықтау үшін КТ (компьютерлік томография) жасайды.Сканерлеуден өткендердің 20%-ында жүрек ақаулары бар екені анықталады. Қалған 80%-ы пайызын «ешқандай ауытқулар жоқ» деп үйлеріне жібереді. Енді жаңа ЖИ-мен жұмыс істейтін инфаркт сканерлеудің көмегімен дәрігерлер нәтижелерді мұқият әрі терең зерттей алады және пациенттерге дәл жауаптар береді. Жаңа технология КТ-да анықтала бермейтін тамырлардың қабынуынан туындаған зақымдарды зерттеуге негізделген. Егер ЖИ бұл «жасырын» ақпаратты сенімді таба алса, онда ол жүрек соғысы қаупі төнуі мүмкін пациенттер үшін дұрыс нұсқаулар береді.
Жасанды интеллект көмегімен инфаркты сканерлеу сияқты медициналық ЖИ қаншалықты тиімді болатыны белгісіз. Бірақ сканерлік зерттеулерден кейін дәрігерлер бұрынғы қойылған диагноздарының 45%-ын өзгерткен. Бұл деректер жаңа технологияны қолданып жүргізген зерттеулердің нәтижесінен алынған.Бұған дейін Google компаниясы медициналық ЖИ нақты дәрігерлерден асып түсетіні туралы мәлімдеме жасағаны белгілі. Барлық жаңа технологиялар мен әдістер сияқты жаңа жүйенің де тексерулері дәрігердің шешімімен ғана бекітіледі. Осылайша, білікті дәрігер ЖИ-дің қорытындысын мұқият бағалау арқылы жүрегінде ақауы бар адамдардың өмірін сақтап қалады.
Соңғы жаңалықтар
14.05.2026
10:10
Оралда полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді
14.05.2026
09:01
Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұ...
14.05.2026
08:32
«Ұрып өлтіріп, жасырып қоймақ болған»: Қызылорд...
13.05.2026
23:19
Алматы ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды
13.05.2026
22:34
“27 жастан асқандарды әскери дайындыққа жіберед...
13.05.2026
21:37
БҚО-да ер адамды интим суреттерімен бопсалаған ...