«Жастар жайлы орыннан шыққысы келмейды»: министрлік әскерде қызмет етуден қорықпау керегін айтты
615
Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров мәжіліс кулуарында әскерде сарбаздардың қауіпсіздігі үшін билік қандай шаралар қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әубәкіровтің айтуынша, ең алдымен казармаларға бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
«Осы құқықбұзушылықтардың барлығы бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанымызды айттым. Сол шаралардың бірі – бейнекамералар орнату, бұл қазір барлық жерде бар. Одан кейін психологтармен жұмыс жүргізіледі», – деді қорғаныс министрінің орынбасары.
Ол әскери қызметтен қорқудың қажеті жоқ деп санайды.
«Әскерден көпшілігі қорқады, жастар өздеріне жайлы орыннан шыққысы келмейді. Бірақ мен жас жігіттің әскер қатарына қосылып, бастапқыда қорқып, кейіннен қызмет ету үшін қалып қоятын көптеген мысалды білемін. Әскери жоғары оқу орындарына түседі, офицер болады. Мұндай жақсы мысалдар өте көп», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...