Жасыл желекті отап тастағаны үшін әкім қызметінен кетті
1126
«Жасыл белдеуді» құрылыс алаңына айналдырғаны үшін шенеунік жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Атырау облысы Махамбет ауданының прокуратурасы саябақ аймағын қорғап қалды. Онда әкімдік полиция бөліміне арналған жаңа ғимарат салуды жоспарлаған.
Махамбет ауылдық округінің әкімдігі бұл құрылыс үшін заң мен бас жоспарды елемей, 2 гектар алқаптағы жасыл желекті отап тастауға дайын болған.
Бұл мәселеге прокурорлар араласқаннан кейін ауыл әкімінің шешімдерінің күші жойылды. Осылайша өңірдің экожүйесі сақталды.
Аталған заң бұзушылыққа жол бергені үшін аудан әкімінің орынбасары, жер қатынастары және құрылыс бөлімдерінің басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Махамбет филиалының жетекшісі тәртіптік жауапқа тартылды, ал Махамбет ауылдық округінің әкімі атқаратын қызметінен босатылды.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...