"Жазамды жеңілдетуді сұраймын": Әкесін ұрып өлтірген ер адам сотта сөз сөйледі
Түркістан облысында өз әкесін соққыға жығып, оның өліміне себепкер болды деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға 6 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және қосымша жаза қолдануды сұрады.
Сот отырысында Алмас Садақбаев жасаған әрекетіне өкініш білдіріп, көз жасына ерік берді. Ол өзін отбасындағы жалғыз асыраушы екенін айтып, соттан жазаны жеңілдетуді өтінді.
«Кешірім сұраймын. Қазір ұяттан басымды көтере алмай отырмын. Не болғанын өзім де түсінбей қалдым, есімнен адастым. Кәмелетке толмаған балаларым бар, әйелім жұмыс істемейді. Отбасымды асырап отырған жалғыз өзіммін», – деді ол.
Айта кетейік, қарияның қаза болуына әкеп соққан бұл қайғылы іс бойынша түпкілікті үкім 15 қаңтар күні жарияланады деп күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...