"Жаздан бері ешкім көрмеген": Атырауда жоғалған отбасының ұлы туралы не белгілі?

16.01.2026 12:17 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
727
Фото: коллаж politico.kz

Атырауда жоғалған отбасының 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев туралы тың деректер шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист Гүлмира Әбіқай осы істі зерттеу барысында Наурызға қатысты күмәнді тұстардыі болғанын жасырмады. Ол өз сұхбатында жігіттің жаз мезгілінде "жұмыс істеуге кеткенін" алға тартады. Содан бері тек хат арқылы хабарласып жүрген. Телефон шалғандарға "қолым тимей жатыр" деп жазумен шектелген. Журналист оның жоғалуында күмән көп дейді.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Наурыз Мұқанғалиевтің нөмірінен жіберілді делінетін хабарламалардың скриншоттары тарап жатыр. Алайда марқұмдардың туыстары бұл жазбаларды Наурыздың өзі жазды дегенге сенбейді.

Скриншоттар Instagram желісіндегі Qazaq Airan парақшасында жарияланған. Хабарламалар 2025 жылғы 27 желтоқсан деп белгіленген. Онда өзін Наурыз деп таныстырған адам туыстарына істің мән-жайына араласпауды сұрап, былай деп жазған:

«Неге шу көтеріп, арыз жазып жүрсіңдер? Мәселе аз сияқты. Көмектесе алмасаңдар, кедергі жасамаңдар. Ата-анама өзім жауаптымын. Араспаңдар, жетеді. Мен үйлендім. Тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермедіңдер…»

Алайда отбасы мүшелері бұл сөздерді Наурыздың өзі жазуы мүмкін емес деп санайды.

Аты-жөнін жарияламауды сұраған туыстарының бірі отбасының мұндай хабарламаларды шынымен алғанын растады, бірақ олардың шынайылығына күмән келтіріп отыр.

«Наурыз ешқашан үйленген емес, ондай жоспары бар екенін де айтпаған. Біз оның мұндай сөздер жазғанына сенбейміз. Біреу оның телефонын пайдаланған сияқты», – дейді туысы.

Бұл пікірді тағы бір жақын туысы Ләззат Кенжегалиева да қолдайды.

«Біз Наурызды жақсы білдік. Ол өте сабырлы, жұмсақ мінезді адам еді, ешқашан мұндай өктем, дөрекі түрде сөйлеспейтін. Бұл хабарламаларды басқа біреу жазған деп ойлаймыз. Қаза тапқан бауырымыз Максот та сондай, жанжалдан аулақ жүретін адам болатын», – деді ол.

Туыстарының айтуынша, тараған жазбалар Наурыздың мінез-құлқына да, өмір салтына да сәйкес келмейді. Осыған байланысты олар хабарламалардың кім тарапынан жіберілгенін анықтауды талап етіп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий