Жедел жәрдем қызметкерлері енді видеожетон тағады

Жедел жәрдем қызметкерлері енді видеожетон тағады
Ашық дереккөз
Медқызметкерлер видеожетонмен жұмыс істейтін болды

Енді жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға видеожетонмен барады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл бастама медицина қызметкерлерін дөрекі әрекеттерден қорғауға бағытталған.

«Біз бүкіл шақыртуларды тіркейтін видеожетон тағу тәсілін енгіземіз. Сол үшін №225-бұйрық шығардық. Әкімдіктер осы бұйрық негізінде қажетті қаражат бөлу керек. Жыл аяғына дейін кезең-кезеңмен осы жұмысты жүргіземіз деп ойлаймын. Алматыда осы тәжірибені пысықтап көрдік. Бұл медицина қызметкерлерін де, кейбір дөрекі базбұзарларды да тәртіпке салады», - деді министр Ақмарал Әлназарова. 

Министрдің айтуынша, бұл тәсіл Алматыда сынақтан өткізілген және жақсы нәтиже көрсеткен.

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу