«Жек көрдім»: Қарақат Әбілдина ел естімеген шындықты айтты

13.11.2025 22:01 Берік Арманов
«Жек көрдім»: Қарақат Әбілдина ел естімеген шындықты айтты
0
1018
Фото: әлеуметтік желі. Суретте Қарақат пен Қыдырәлі

Әнші Қарақат Әбілдина мен ақын Қымбат Әбілдәқызы "1001 түн" бағдарламасына қонақ болып, өнер мен отбасы туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарламада Қарақат Әбілдина өзінің туған әпкесіне деген ерекше құрметі мен ризашылығын білдірді. Ол Қымбат Әбілдәқызының балалық шағынан-ақ қатал мінезді болғанын еске алып, сол қасиеттің өз өмірінде үлкен рөл атқарғанын айтты.

"Қымбат апайым қатал болды. Бұрын бұл қаталдығын ұнатпайтынмын, оны жек көретін едім, бірақ қазір бәріне алғыс айтамын. Апайымның тәрбиесінің арқасында құндылығым мен ұстанымым қалыптасты. Өнердегі алғашқы қадамымда да продюсер болып, сұхбат беруге, ән айтуға, сахнада өнер көрсетуге жол ашты. Әрдайым демеп, қолдап отырғанын ешқашан ұмытпаймын", – деді Қарақат Әбілдина.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий