Жеке куәліктің жаңа үлгісінде қазақстандықтардың жынысы көрсетілуі мүмкін
647
Ішкі істер министрлігі жеке куәліктің үлгісін өзгертуді көздейтін нормативтік құжаттың жобасын ашық талқылауға шығарды.
Ал куәліктің артқы жағына құжат иесінің азаматтығы туралы мәлімет жазылады.«Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады» деп жазылған бұйрықтың жобасында.
Ұсынылып отырған үлгіні мына жерден көруге болады.«Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, жеке куәлік иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ куәлік берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәлімет орналасады. Куәлік иесінің ұлты туралы мәлімет оның қалауы бойынша көрсетіледі» делінген.
Соңғы жаңалықтар
17.06.2026
13:24
Депутаттардың күдігі рас па: Шетелден алынатын ...
17.06.2026
13:02
Павлодарда жанып жатқан үйдің терезесінен секір...
17.06.2026
13:00
«Мен тек шындықты айтқанымды мойындаймын»: Әділ...
17.06.2026
12:27
Қорғаныс вице-министрі әскердегі ұлының борышын...
17.06.2026
12:26
Алматылық қарияның өліміне себеп болған алаяқта...
17.06.2026
11:50
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық Әсет Құралба...