«Желіде оны оқымай-ақ мақтайтындар бар»: Саясаттанушы жаңа Ата заңның сапалы екеніне сенім білдірді
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің өзгергенін көрсетеді. Бұл туралы саясаттанушы Марат Шибұтов айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол Конституциялық дамудың тарихи эволюциясын және қоғам мен әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, Ата Заңды жаңарту қажет екенін жеткізді.
Саясаттанушын Қазақ КСР-де алғашқы Конституция 1937 жылы, 1936 жылғы Одақтық Конституциядан кейін қабылданғанын атап өтті. Конституция 40 жыл қызмет етті. Содан кейін келесі Конституция 1978 жылы 1977 жылғы Одақтық Конституциядан кейін қабылданып, 1993 жылға дейін Тәуелсіз Қазақстанда қызмет етті. Яғни 15 жылға жарады.
Тарихи шолуды жалғастыра отырып, саясаттанушы Тәуелсіздік кезеңінде Конституциялық моделдердің өзгергенін атап өтті.
«1993 жылғы Конституция бір жарым жыл ғана қызмет етті де оның орнына 1995 жылғы Конституция басты. Әлеуметтік желілерде оны оқымай-ақ мақтап жататындар бар, бірақ Тәуелсіз Қазақстанда ол 1978 жылғы Конституциядан да аз жұмыс істегенін және ауқымды саяси дағдарысқа әкелгенін естен шығрмауымыз қажет. 1995 жылғы Конституция 30 жылдан астам уақыт бойы қолданыста. Бұл – 90 жылдағы барлық Ата Заңдар арасындағы екінші ең ұзақ мерзім. Сондықтан оның ауысуы қалыпты жағдай», – деді Марат Шибұтов.
Оның айтуынша, Ата заңды жаңарту қажеттілігі қоғам мен мемлекеттегі объективті өзгерістерге байланысты туындады.
«Біз өзіміз қоғам ретінде біраз өзгердік, мемлекет өзгерді, айналамыздағы әлем өзгерді. Мемлекеттік комитеттер мен телеграф әлдеқашан өткен күнде қалған. Цифрлық құқық әдеттегідей нәрселер сияқты қажеттілікке айналған, ал жастар үшін мүмкін одан да маңыздырақ шығар», – деді ол.
Шибұтов сонымен қатар елдің әлеуметтік құрылымының да өзгергенін атап өтті. Саясаттанушының айтуынша, 1995 жылмен салыстырғанда Қазақстанда оқитын және жұмыс істейтін шетелдіктер әлдеқайда көп тұрады, сондықтан адам құқықтары мен азаматтың құқықтарын бөліп қарауымыз керек.
«Азаматтарға енді қауіпсіздік пен өмір сүру құқығы жеткіліксіз, оларға шығармашылық, зияткерлік меншік және басқа да құқықтар қажет. Саяси жүйе де дамып, күрделеніп жатыр, сондықтан бір саяси институттарды екіншілері алмастырады», - деді саясаттанушы.
Қорытындылай келе, ол дайындалған құжаттың сапалы екендігіне сенім білдірді.
«Мұның бәрін біз жаңа Конституцияның жобасында қамтыдық деп үміттенемін. Ал азаматтарымыз оны бүкілхалықтық референдумда қолдайды деп сенемін», – деп қорытындылады Марат Шибұтов.
Соңғы жаңалықтар