Желіні шулатқан “Моншада” бейнебаяны сынның астында қалды
1319
Әлеуметтік желіде «Моншада» атты жаңа бейнебаян жарыққа шығып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Сымбат Төре мен Жәнібек Смайл орындаған бұл әнді желі қолданушылары қазақ өнерінің деңгейіне нұқсан келтіреді деп бағалап жатыр, деп хабарлайды Politico.kz
Жаңа туындының атауы мен мазмұны көпшілікке ерсі көрініп, желіде қызу талқыға түсті. Тыңдармандар бұрын-соңды мұндай төмен деңгейдегі ән болмағанын айтып, авторларды сынның астына алды.
Пікір қалдырғандар:
«Бұл “Ұйқым келмейдінің” сіңлісі ме?», «Енді “Туалеттемін” деген ән шықпаса болды», «Қазақ өнерін қорлап біттіңдер», «Масқара» — деп ашық наразылық білдірді.
Кей желі қолданушылары «қазақ байыса, ойына келгенін ән қылып шығарады» деп, өнердегі жауапкершіліктің азайып бара жатқанын да атап өтті. Олардың пікірінше, хайп үшін түсірілген мұндай бейнебаяндар ұлттық өнердің беделін түсіреді.
Әнге қатысты сын әлі де толастар емес. Қоғам белсенділері мен өнерсүйер қауым орындаушылардан шығармашылықта талғам мен жауапкершілікті талап етіп отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.10.2026
17:22
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне жауапты ұ...
11.10.2026
16:32
Әкімнің үйінде пеш түсіруге көмектескен оқушыны...
11.10.2026
15:30
Сауд Арабиясындағы әуежайға шабуыл жасалды: 12 ...
11.10.2026
14:32
Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды
11.10.2026
13:17
Алматыда әйелдің бөксесінен ұстап тиіскен шетел...
11.10.2026
12:21
Қайрат Нұртас концертіне қатысты қылмыстық іс қ...