«Жерік болсаң, ақшаға жерік бол»: Абай Асылхан жұбайының тосын қалауын көрсетті
Танымал актер Абай Асылхан жұбайы Жанель Макажанның жүктілік кезіндегі ерекше «жерігін» көпшілікке көрсетті. Ерлі-зайыпты әзілге толы видеоны әлеуметтік желіде жариялап, оқырмандардың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бейнежазбада Абай Асылхан қолына бір уыс ақша алып, оны иіскеп көрсетеді. Ол мұны жұбайының жерігіне балай отырып, бұрынғы бір естелігін де бөліседі. Айтуынша, өткенде үлкен ұлдарымен бірге топыраққа, жерге жерік болып ойнаған сәттері болған. Бұл жолы да әзілді шындыққа ұштастырып, «жерік болсаң, ақшаға жерік бол» деген ойды қалжыңмен жеткізген.
Видео желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция тудырды. Бірі бұл жағдайды жеңіл әзіл ретінде қабылдап, күле пікір қалдырса, енді бірі видеоны ерсі көргенін жасырмады.
Оқырмандардың пікірлері де сан алуан болды:
«Аяқ ауыр емес кезде де жерікпіз ғой бұған», «Жалғыз мен ба десем, тығылып иіскеп алам ғой, ұялып жұрт көріп қалмасын деп», «Өмір бойы жерікпіз», десе, кейбірі «Бұл көрініс ерсі, ұят екен. Ештеңе көрмегендей» деп сын айтты.
Қалай болғанда да, Абай Асылхан мен Жанель Макажанның отбасылық видеосы желіде кең таралып, көпшіліктің көңілін бір күлдіріп, бір ойландырды.
Соңғы жаңалықтар