Жерлестерінің құрметі: Данияр Елеусіновке тұлпар мінгізді
Рио Олимпиадасының чемпионы, Батыс Қазақстан облысының тумасы Данияр Елеусіновке жерлестері айрықша құрмет көрсетіп, сәйгүлік тарту етті, деп хабарлайды Politico.kz
Құдайберген есімді желі қолданушысы бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, әсерлі бейнежазбамен бөлісті. Ол видеоны «Даңқты боксшыға жерлестерінің көрсеткен құрметі» деп сипаттаған.
Желі қолданушылары бұл игі қадамды жылы қабылдап, өз ризашылықтарын білдіріп жатыр. Көпшілік пікірінде:
«Әдемі дәстүр, қазақты қазақ қолдауы керек», «Батыр Данияр, бұл құрметке әбден лайықсың», «Еңбегіңнің жемісі», «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» — деген лебіздер жазылып жатыр.
Көпшіліктің айтуынша, мұндай құрмет ел намысын қорғап, халықаралық ареналарда Қазақстанның атын асқақтатқан спортшыға деген шынайы алғының көрінісі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...