Жезқазғанда «Қазақмыс» қаржыландырған жаңа облыстық мешіт ашылады

05.10.2026 • 17:19 Қанат АЙБАР
Жезқазғанда «Қазақмыс» қаржыландырған жаңа облыстық мешіт ашылады
95
Фото: Қазақмыс

Жезқазғанның орталығында, Кеңгір су қоймасының жағалауына жақын жерде салынып жатқан облыстық мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Жуықта оның ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Құрылысты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаржыландырып отыр. Қазір мешіттің ішін әрлеу, инженерлік жүйелерін орнату және айналасын абаттандыру жұмыстары соңына таяған. Бір мезгілде 3 000 адамға дейін қабылдай алатын мешіт Ұлытау облысындағы ең ірі діни нысандардың бірі болмақ.

Мешіт ашылмай жатып-ақ тұрғындардың назарын аударған. Жезқазғандықтар әлеуметтік желілерде оның фотосуреттері мен видеоларын бөлісіп, ашылуын асыға күтіп жүргендерін жазуда. Тұрғындар жаңа мешіттің қала келбетінде ерекше орын алатынын да атап өтуде.

Бұл құрылыс «Қазақмыстың» Жезқазған мен өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларының бір бөлігі саналады. Компания қалалық ортаны жақсартуға, жұртқа қажет нысандар салуға арналған жобаларды қолдайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий