«Жігіттер» тобының әншісі отбасындағы үлкен трагедия туралы айтты
«Qazaqstan» телеарнасындағы «Бәрекелді» бағдарламасына қонақ болған «Жігіттер» тобының мүшесі Мырзахан Маханов жас кезінен еңбекке араласуға мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншінің сөзінше, өмір сынағын ерте көрген адам тез шынығады.
«Бұл – маңдайымызға жазылған тағдыр. Әкеміз ерте өмірден өткен соң, бар жауапкершілік анамызға түсті. Бұрын әкеміз қызғаншақ болғандықтан, анамыз жұмыс істемейтін. Ол кісі кеткеннен кейін анам колледж дипломымен жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бірақ оның айлығы отбасымызды толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан біз де өз күнімізді өзіміз көруді шештік: кафелерде ән айттық, ән өңдеуді үйрендік. “Үйге салмақ салмаймыз” деген ұстаныммен жүрдік, ал салмақ салсақ та, беретін ештеңе жоқ еді. Тіпті бір киімді екі бала кезектесіп киген уақыттар болды», – деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...