Жоғалған отбасы: диванның қозғалғанын бірінші аңғарған кім?

13.01.2026 11:09 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Жоғалған отбасы: диванның қозғалғанын бірінші аңғарған кім?
0
1690
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, іс барысында мәйіттердің қалай табылғаны туралы жаңа дерек белгілі болды. Қаза тапқан азаматтың әпкесі Әдемі Шылмағанбетованың айтуынша, күмәнді жайтты алғаш болып ауылдастарының бірі байқаған.

«Бұрын мал союға көмектесіп жүрген көрші жігіт диванның әдеттегі орнында тұрмағанын аңғарған. Күдік тудырған соң диванды жылжытқанда, астынан екі мәйіт табылған. Диванның астына рубероид төселіп, үсті кілемдермен жабылған екен. Інім сол жерді қаза бастағанда адам сүйектеріне тап болды. Алайда өткір иістің салдарынан әрі қарай қазуға мүмкін болмаған», – деді марқұмның әпкесі.

Атырау облыстық полиция департаменті тергеудің белсенді түрде жүргізіліп жатқанын растады. Құзырлы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда іздеуде жүрген адамдар саны өзгеріссіз қалған, жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий