Жоғалған отбасының ісі «Адам өлтіру» бабына өзгертілді

06.01.2026 12:00 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Жоғалған отбасының ісі «Адам өлтіру» бабына өзгертілді
0
1575
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасыға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қайта сараланды. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция дерегінше, 25 желтоқсанда төрт адамның жоғалғаны туралы хабар түскен сәттен бастап республика көлемінде кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ПД бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықовтың айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес екі немесе одан да көп адамның жоғалуы автоматты түрде «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркеледі.

Қазір жоғалған отбасының жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу амалдары күшейтілген режимде жүргізілуде. Арнайы жедел тергеу тобы құрылып, оған Ішкі істер министрлігінің мамандары да тартылған.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде өзін «хакер» деп таныстырған белгісіз адам жоғалған отбасының ұлы Наурыз Мұқанғалиевке тиесілі SIM-карталардың мезгіл-мезгіл қолданылып отырғанын жазды. Оның мәліметінше, WhatsApp желісіне бірнеше рет кіру әрекеттері тіркелген. Алайда полиция Қазақстан шекарасын заңды түрде кесіп өту фактілері анықталмағанын хабарлады.

Туыстары отбасы жоғалар алдында малын сатып, зейнетақы төлемдерін алғанын, бірақ үйдегі дүние-мүлікке қол тимегенін айтады. Жиһаз, киім-кешек, азық-түлік сол күйі қалған. Бұл жайттар жақындарының күдігін күшейтіп отыр.

Полиция мәліметінше, жоғалған адамдардың телефон сигналдары Қазақстан аумағында бірнеше рет тіркелген, соңғысы – Шымкент қаласында. Сонымен қатар отбасының кіші қызы мен күйеу баласының шетелде болуы мүмкін екені анықталғанымен, олардың жоғалуына қатысты арыз түспеген.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, медициналық мекемелер мен жекеменшік клиникалар да тексерілуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий