Жол ережесін бұзған Ернар Айдар жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жамбыл облысының полицейлері Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Жол талғамайтын көлік жүргізушісі Ернар Айдар жол ережелерін бұзып, видеоға түсірген. Видео әлеуметтік желіде жарияланған.
Полиция қызметкерлері көлік иесін анықтап, Ернар айдарды әкімшілік жауапқа тартты. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылды.
Жүргізушіге көлікті тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілері мен жолақ сызықтарының талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін айыппұл салынды.
Полиция жолдағы қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салды. Сондай-ақ жолдардың әзіл-қалжың немесе жарнамалық түсірілімдер жасауға арналмағанын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...