“Жолақы сұраған”: Шымкентте бір топ жасөспірім жүргізушіні балғамен ұрып кетті

“Жолақы сұраған”: Шымкентте бір топ жасөспірім жүргізушіні балғамен ұрып кетті
18.06.2025 12:07
0
176
Фото: freepik.com

Шымкент қаласында бір топ жасөспірім автобус жүргізушін ұрып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оқиға 12 маусым күні болған. 

Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген полиция таратқан мәлімдемеде.

Жүргізуші жолақы сұрағаны үшін соққыға жығылған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға жолаушыдан жолақысын төлеуді сұраудан басталған. Жасөспірім айтқанын орындамай, автобустан түсіріп жіберуді сұраған. Келесі аялдамада жүргізушіге үш жасөспірім шабуылдап, басына балғамен ұрып қана қоймай аяусыз соққыға жыққан.

Нәтижесінде, жәбірленуші реанимацияға түсті, қазіргі уақытта оның жағдайы жақсарып, жалпы палатаға ауыстырылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий