"Жуас болғандықтан барынша басынған": Шымкентте айуандықпен өлтірілген қыз туралы жаңа дерек шықты

13.01.2026 11:48 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
0
171
әлеуметтік желі

Шымкентте танысының қолынан қаза тапқан 21 жастағы қыздың ағасы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қылмысқа күдікті марқұмды ұзақ уақыт бойы аңдып жүрген, деп хабарлайды Politico.kz

Марқұм қыздың ағасы Сұлтан Серікбай мән-жайды Threads желісіндегі парақшасында жазды. 

“Шынымызды айтсақ қан жылап отырмыз. Әр жаңалықты оқып отырамыз. Қолдау көрсетіп отырған жандарға рақмет айтамыз. Қазір қолымыздан сол (“адамға” деген сөзді айтуға қимай отырмын) ең жоғары жазаны беру ғана келеді. Қысқаша айтқанда қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан барынша басынған. “Жоқ” деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған”, – деп жазды ол. 

Сондай-ақ марқұмның ағасы көпшіліктен қолдау білдіруді сұрады.

“Бұл оқиғаны бүкіл жерге таратып, қолдауларыңызды сұраймыз (әділ шешім шығаруға). Қазір бізге артық сөз сөйлеуге, жазуға болмайды. Өйткені кейін арғы жақтың адвокаттары тырнақ астынан кір іздейді. “Сот процесі” әділ өтеді деген сенім бар. Бәрімізге сабыр мен жүрек тыныштығын берсін”, – деп жазды ол. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий