Жүкті екенін білмеген 33 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде босанды
АҚШ-тың 33 жастағы тұрғыны Алиша Макдугалл өзінің жүкті екенін білмей, жедел жәрдем көлігінде мерзімінен бұрын босанды, деп хабарлайды Politico.kz.
ABC News мәліметінше, әйел адам полиэндокринді метаболикалық аналық без синдромына байланысты салмақ тастауға арналған препараттар ішкен. Мұндай дерт кезінде етеккір циклі бұзылып, салмақ қосу және бала көтеру қиындығы туындайды. Дәрі қабылдау кезінде ол жүрек айнуы мен әлсіздікті сезінгенімен, бұл белгілерді препараттың жанама әсері деп есептеген.
Қаңтар айында әйел жеңіл жол-көлік оқиғасына тап болған. Келесі күні оның іші қатты ауырып, қан кете бастаған соң, күйеу жігіті жедел жәрдем шақырған. Ауруханаға бара жатқан жолда Алиша босанып қалған. Нәресте жүктіліктің 22-23 аптасында дүниеге келіп, салмағы 450 грамды құраған.
Сәбидің әкесі бұған дейін жасалған жүктілік тестілерінің барлығы теріс нәтиже көрсеткенін және әйелінің іші білінбегенін айтты.
Дәрігерлердің теріс болжамына қарамастан, Джулиан есімді нәресте аман қалды. Ол ауруханада 154 күн бойы ем қабылдап, өкпесі, көзі, бүйрек үсті бездері мен қан қысымын қалпына келтіруге бағытталған терапиядан өтті. Емдеу барысында сәбидің денсаулығы жақсарып, салмағы артқан.
Соңғы жаңалықтар