Жұлдыз Әбдікәрімова анасын қалай қуантқанын көрсетті

29.12.2025 08:11 Берік Арманов Берік Арманов
Жұлдыз Әбдікәрімова анасын қалай қуантқанын көрсетті
0
440
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдікәрімова анасына Астанадан пәтер сыйлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол Instagram парақшасында бұл күнге ұзақ жылдар бойы дайындалғанын жазған. Актрисаның айтуынша, соңғы 5 жылда анасы Алматы мен Астананың арасында тынымсыз қатынап, әрі әкесінің жағдайын жасап, әрі немерелеріне қамқор болып келеді.

«Алаштың әжесі емес, менің анашым соңғы жылдары балаларымның толықтай қамқоршысы болды. Мен алаңсыз жұмыс істеп, іссапарға шығып, шығармашылығымды дамытуыма осы кісінің қолдауы үлкен себеп», – дейді ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова әкесінің өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп, ғылыммен айналысып келе жатқанын да атап өтті. Әкесінің басты мақсаты – бар білгенін шәкірттеріне үйретіп қалу екенін жеткізді.

Сондай-ақ актриса соңғы жылдары жалдамалы пәтер ауыстырып, тұрмыстық жауапкершіліктің барлығы өз мойнында болғанын жасырмады. Бұл ретте анасының көмегі орасан екенін ерекше атап өтті.

«Екі жыл бұрын анашыма Астанадан, өзіме жақын жерден пәтер сыйлауды мақсат еттім. Осы арман мені алға жетеледі. Аллаға шүкір, ниетім орындалды», – деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий