Жұлдыз Әбдікәрімова қызды болды, бірақ енеcі құттықтамады

Жұлдыз Әбдікәрімова қызды болды, бірақ енеcі құттықтамады
20.08.2025 15:42
0
349
Фото: әлеуметтік желі

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде тағы да қызу талқылауға түсті. Бұған себеп – келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова дүниеге әкелген немересін құттықтап жазба жарияламағаны, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, әнші Қайрат Нұртас бесінші рет әке атанып, қызды болды. Жұлдыз бұл қуанышты «Жаңа тынысым» деген жазбасымен бөлісіп, жұрттан сүйінші сұраған еді.

Алайда, көпшілік назар аударған тағы бір жайт – гендер пати шарасына Қайраттың қатыспауы. Өнер иесі бұл туралы:

«Жұмыста болып, кеш қайттым. Мен жоқта шара қызықты өтіпті», – деп түсіндірген.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың үнсіз қалғанын жақтырмай, түрлі пікір білдірді:

«Әдетте әр сәтін салып отыратын еді, ал немересі туған сәтте үнсіз қалды», «Немереге қуана алмай қалғаны түсініксіз», «Қайрат пен Жұлдыздың арасына түскен соң, осындай жағдай болып жатыр»

Көпшілік бұл жайтты әртүрлі қабылдағанымен, шоу-бизнес жұлдыздарына қатысты кез келген жаңалықтың қоғам назарынан тыс қалмайтынын тағы бір мәрте көрсетті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий