Жұлдыз Әбдікәрімова Ресейде не істеп жүр? (ФОТО)

25.11.2025 13:51 Айсұлу Мұрат
Жұлдыз Әбдікәрімова Ресейде не істеп жүр? (ФОТО)
0
92
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова

Қайрат Нұртастың жұбайы, актрисса Жұлдыз Әбдікәрімова Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында өткен “Сән ынтымағы” төртінші халықаралық форумына қатысқаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Форум аясында ол сахнаға сәукеле және қазақстандық сән үйі дайындаған қызыл түсті ұлттық киіммен шығып, ұлттық дәстүр мен заманауи дизайнды шебер ұштастырған образ ұсынды.

"Бұл сапар мен үшін әрі ресми, әрі шығармашылық тұрғыдан ерекше болды. “Аруназ” сән үйінің топтамасын халықаралық деңгейде көрсету мен үшін айрықша тәжірибе, — деді Жұлдыз.

Желі қолданушылары актрисаның бейнесіне жоғары баға берді:

«Сөз таппай қалдым! Ішімнен тасыған бір ерекше мақтаныш сезімі бар», «Мүсінің қандай, өзіңді қалай ұстайсың — нағыз кербез дива», «Оған қарап отырудың өзі бір ғанибет. Әйел нәзіктігінің, сұлулықтың үлгісі дерсің».

“Сән ынтымағы” форумы ТМД елдерінде креатив индустриялар мен жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған. Жұлдыз Әбдікәрімова ұсынған ұлттық киім үлгісі халықаралық аудиторияның назарын аударып, дәстүр мен заманауи сән үрдістерінің үйлесімін айқын көрсетті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий