Жұмыссыз қалған қазақстандықтарға 130 млрд теңге төленді: 2026 жылы төлемді қалай алуға болады?

21.01.2026 09:46 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Жұмыссыз қалған қазақстандықтарға 130 млрд теңге төленді: 2026 жылы төлемді қалай алуға болады?
0
63
Фото: pixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік төлемдер туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

2025 жылдың нәтижесі бойынша Жұмыспен қамтудың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем алған азаматтар саны 354,2 мың адамды құрады.

Соның ішінде 311,9 мың адамға төлем дәл 2025 жылы тағайындалған. Жалпы төленген қаражат көлемі 130,4 миллиард теңгеге жеткен.

2026 жылы жұмыссыздық бойынша төлемді қалай алуға болады

Жұмыстан босатылған азаматтарға төленетін әлеуметтік төлем 1 айдан 6 айға дейін беріледі. Төлем мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табыс көлеміне байланысты анықталады. Төлем мөлшері жоғалтқан табыстың 45 пайызына дейін болуы мүмкін.

Төлемді алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту;
  • «Жұмыспен қамту және еңбек» бөліміне кіріп, «Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу» қызметін таңдау;
  • онлайн өтінімді толтырып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы жіберу;
  • өтінім берілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде азаматқа қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда мансап орталығының қызметкері хабарласады).

Бұл қызметті enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы да онлайн алуға болады.

Егер азамат бұрыннан жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі оның телефонына SMS хабарлама жолдайды. Хабарламаға келісім берсе жеткілікті — төлем автоматты түрде тағайындалады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий